Шымкентте медицинаға не өзгерді? Жаңа технология, жаңа мүмкіндік
Шымкентте 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында 12,5 мыңға жуық сәби дүниеге келді. Қалада халық саны өсіп, медицина жүйесіне түсетін жүктеме де жоғары. Заманауи акушерлік көмек, инсультті ерте анықтайтын жасанды интеллект, жаңа медициналық құрал-жабдықтар және білікті мамандар даярлау – қаланың денсаулық сақтау саласындағы негізгі бағыттардың бірі.