Павлодар ауылының әкімі Аманбек Ұнат

Бүгінгі кейіпкеріміз мансабын 2015 жылы сауда үйіндегі қатардағы қызметкерден бастап, қазіргі таңда біз тұрған ауылдың әкімі дәрежесіне дейін көтерілген.

15 мыңға жуық тұрғыны бар ауыл 1927 жылы құрылған. Тұрғындарының негізгі бөлігі ауылшаруашылық жұмыстарымен, сондай-ақ әртүрлі қолөнер өндірісімен айналысады екен. Осыншама халыққа бас көз болып отырған ауыл әкімі Аманбек Ұнатпен тілдестік.