Мемлекеттік қызметші Қадыр Қажыгелді: «Халқым үшін қызмет еткім келеді»

Денсаулық – елдің байлығы. Себебі, дені сау ұлт – кез келген мемлекеттің негізі. Ал денсаулықты сақтаудың бірден бір жолы ол – спорт. Бұл факторды жас ұрпақтын бойына сіңіру аса маңызды. Дене шынықтыру және спорт салауатты өмір салтын қамтамасыз етуде ерекше орын алады. Бүгінде Абай облысында спорттағы таланттарды тәрбиелеуде, саланы дамытуда «бұлақ көріп, көзін ашып жүрген» спорт жанашырларының орны ерекше. Солардың бірі бүгінгі кейіпкеріміз – Қадыр Қажыгелді.