Айнаш Жұманғалиқызы: 20 жаста мемлекеттік қызметке орналастым
Қазіргі таңда жас мамандар түрлі салаларға тың идеяларды, инновациялық дағдыларды әкелуде. Олардың жаңа технологиялар мен тенденцияларға бейімделуі экономикалық өсуді ынталандырады, өнімділікті және бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Тұтастай алғанда, олардың белсенділігі мен жан-жақтылығы прогрессивті болашақты құру үшін өте маңызды. Кейіпкеріміз Айнаш Жұманғалиқызы 2018 жылдан бері еңбекке араласып, бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маманы лауазымында табысты еңбек етуде.