Лейла Ерсұлтанқызы: Цифрландыру жұмысымызды оңтайландырып отыр

Осыдан 34 жыл бұрын «Мемлекеттік егемендік» туралы декларацияға қол қойылып, маңызды құжаттың арқасында Қазақ елі жаңа белестерге ұмтылды. Қазақстанның егеменді ел ретіндегі саяси-құқықтық негіздері бекітілді. Ел үшін маңызды құжат – түрлі саланың дамуына ықпал етті. 34 жыл ішінде Мемлекеттік басқарудың жаңа мәдениеті қалыптастып, табысты жобалар жүзеге асты. Осы аралықта елінің болашағын ойлайтын білікті кадрлар іске кірісті. Сондай мамандардың бірі бүгінгі кейіпкеріміз – Лейла Ерсұлтанқызы.