Ыстыққа қарсы «ақылды» білезіктер таратылды

Барселонада шіліңгір ыстықта жұмыс істейтін адамдарға аптаптан қорғайтын арнайы білезіктер таратылды. «Ақылды» құрылғылар көше тазалаушылар, бағбандар, коммуналдық сала мамандары және жарықтандыру жұмысшылары сияқты жалпы 1400 қызметкерге берілген. Бұл білезік дене температурасын бақылайды және адамға ыстық өте бастағанда дабыл қағады. Егер дыбыс немесе діріл ойнаса, қызметкер жұмысын дереу тоқтатуға тиіс. Осындай арнайы бұйрық бар. Испанияның кейбір аймақтарында температура 40 градусқа дейін көтерілді.