Қытайда электрлі таксиге сұраныс көбейді

Қытай тұрғындары жеке көліктің орнына электртакси пайдаланғанды әдетке айналдыра бастады. Сарапшылар: «Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың қайта ушығуы мен Ормуз бұғазындағы мұнай тасымалының бөгелуі себеп», - дейді. Қытай Көлік министрлігінің мәліметі бойынша, елдегі такси парктерінің жартысын электрлі такси құрайды. Ал үлкен қалаларда бұл көрсеткіш 100 пайызға жеткен. Мамыр айында ғана 3 миллиардтан астам тапсырыс орындалған.