Қытайда футболшы робот гол соқты

Қытайда гуманоид роботтар арасында футболдан жарыс өтіп жатыр. Ойын барысында ойыншы робот өз қақпасына өзі гол соққан. Сөйтіп ұпай қарсылас команданың есебіне жазылды. Мамандар: «Мұндай қателіктер технологияны жетілдіру үшін мүмкіндік береді», - дейді. Тіпті өткен жылмен салыстырғанда, роботтардың қимыл-қозғалысы едәуір жақсарған. Бұл Бейжіңде өтіп жатқан екінші Дүниежүзілік гуманоид роботтар ойындары. Биылғы жарыс бағдарламасында футболдан бөлек, түрлі сайыстар бар. Олардың қатарында жүз метрге автономды жүгіру, адам мен роботтың жекпе-жегі, пауэрлифтинг, көше биі және дәстүрлі жекпе-жек өнерлері бар.