Қытай ғалымдары қатерлі ісікті тез анықтайтын бағдарлама жасады
Қытай ғалымдары қатерлі ісікті тез анықтайтын бағдарлама ойлап тапты. Ол жасанды интеллект негізінде жасалған. Сондай-ақ бұл жүйе тиісті емді де тағайындай алады. Дәлдігі жоғары камералар ең кішкентай деген түймешектерді табуға көмектеседі. Оларды дәрігерлер байқай алмау қалуы мүмкін. Жүйе қатерлі ісік белгісін анықтаған бетте дыбыстық белгі беріп, аурудың қай жерде екенін анықтайды. Қазір бұл бағдарлама «Вэнчжоу» орталық ауруханасында сынақтан өткізіліп жатыр. Асқазан-ішек жолдарындағы қатерлі ісікті алдын ала анықтайтын бөлім мамандары жұмыс істеу үстінде. Осы технологияның арқасында ауруды табу жылдамдығы 2 есе артты. Ғалымдардың олардың озық жаңалығы барлық медициналық орталыққа енгізіледі деп сенеді.