Инвестиция тарту ісі қалай жүріп жатыр?
Елге сырттан қаражат тарту күн тәртібінен түскен емес. Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорды қабылдап, есебін тыңдады. Бас прокурор инвестициялық жобаларды қолдау туралы баяндады. Берік Асыловтың айтуынша ел экономикасына 8,3 трлн теңге қаржы құйған 445 инвесторға құқықтық көмек көрсетілген.