Елдегі инвестициялық жобалардың ауқымы артады
Өйткен апта инвестициялық апта болды десек артық айтпаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысын өткізді. Қалталы азаматтарды ел экономикасына қаржы құюға шақырған Қасым-Жомарт Тоқаев тартымды деген салаларды атап, инвесторларға жасалған жағдайларды тізіп берді.