Кабинет. Марат Тұрсынов

Ұлт жоспары аясында биыл көптеген реформалар нақты жүзеге аса бастады.

Соның бірі – мемлекеттік қызмет жүйесіндегі өзгерістер. Жаңа заңға сәйкес тестілеу тәртібі жаңарды. Бүгінгі бағдарлама осы тақырыпқа арналады. Тестілеуден бөлек, конкурс өткізу мәселесін де қозғаймыз. Қазіргі талаптарға сай енді ол ішкі және жалпы конкурс болып екіге бөлінеді. «Кабинет» бағдарламасының бүгінгі қонағы – Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару Ұлттық орталығының департамент басшысы Марат Тұрсынов.