Кабинет. Нәбидолла Кикебаев

Қостанай жылқы зауыты бүкіл республикаға танымал. Аты зауыт болғанмен, заты – ғылыми мекеме.

Бұған дейін Қазақстанда Қостанай, Көшім және Мұғалжар деп аталатын үш жылқы тұқымы дүниеге келген. Енді төртіншісі бойынша жұмыс жүріп жатыр. Біле білгенге бұл оңай шаруа емес. Бағдарлама қонағы «Қазақ тұлпары» жылқы зауытының директоры Нәбидолла Кикебаевпен осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбімек.