Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемесі толық көлемде орындалды
2024 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік төлемдерге 5,3 трлн теңге бағытталды, бұл еліміздің бюджет шығыстары жалпы көлемінің 22%-ын құрады.
Бұл қаражат зейнетақы мен жәрдемақы алатын 4,5 млн азаматқа, басқа да түрлі әлеуметтік төлем алушыларға бөлінді. Нәтижесінде мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемесі мерзімінде әрі толық көлемде орындалды. Сондай-ақ елде жаңа жұмыс орындары ашу арқылы 2024 жылы 948 мың қазақстандықты жұмысқа орналастыру жоспарланған болатын, желтоқсан айының басында 845 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылғаны мәлім болды, бұл жылдық жоспардың 89%-ын құрады. Осы жылы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің маңызды басымдықтарының бірі мүгедектігі бар адамдардың тұрмыс сапасын жақсарту болды. Мүгедектігі бар адамдар үшін еліміздің әртүрлі өңірлерінде 22 мыңнан астам нысан бейімделді, бұл инфрақұрылымға қол жеткізуді айтарлықтай жақсартты.
Сондай-ақ өтіп бара жатқан жыл еліміздің ішкі және сыртқы саудасы үшін нәтижелі болды. Соның арқасында экономика өсімін қамтамасыз етіп, әлеуметтік тауарлар бағасын тұрақты ұстауға мүмкіндік туды.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Мен салыстырғанда сауда өсімі 8,2 пайызды құрап, ішкі сауда өнімі 13 пайыздан артып, 61 трлн теңгеге жетті. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 116 млрд долларды жетті. Интернет сауда 14%-ке жетті. Жыл бойы министрлік кешенді шараларды іске асырды. Соның арқасында әлеуметтік тауарлар индексі осы жылдан 1% ұлғайды. Бұл - соңғы он жылда ең төменгі көрсеткіш.