Олимп. Қыздар футболы: бүгіні мен ертеңі

www.123rf.com

Ерлердің футболы жайында көп айтылады. Ал қыздар футболы жайлы не білеміз? Әрине оны ерлердікімен салыстыра қою қиындау. Физикалық жағынан да, психологиялық тұрғыдан да, қаржылық қыры болсын айырмашылық жер мен көктей. Соңғысына ерекше тоқтала кетсек. Өйткені Қазақстан премьер лигасындағы бір легионердің бірер айлық жалақысымен білдей бір әйелдер құрамасын жыл бойы қамтамасыз етуге болады екен.

Жалпы бүгінде осы спортта еліміздің түкпір-түкпірінен, оның ішінде шалғайдағы ауылдардан келген қыздар халықаралық, әлемдік додаларда талайдың таңдайын қақтыруда. Қазірдің өзінде олар өз мектебін қалыптастырып, даму бағытын нықтап алған. Онда Ұлттық құрамаға іріктеу мектеп жасынан басталады. Толығырақ осы шығарылымда.