Заң жобасы. Аумақтық қорғаныс әскерлерін құру

Бүгінде Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы аясында аумақтық қорғаныс әскерлерін дамыту ісі ерекше назарға алынды. Олар стратегиялық маңызды әрі әлеуметтік нысандарды қорғайды. Осы орайда аумақтық қорғаныс әскерлерінің жұмысын күшейту керек. Дәл осы қағиданы ұстанған депутаттар Парламент отырысында таныстырылған аталған заңнама өзгерістеріне қатысты ұсыныстарды бірауыздан құптады.