ҚР ТЖМ: ұшақ апатынан 28 адам аман қалды

Ұшақ апатынан зардап шеккендер анықталуда. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 28 адам аман қалған.

Оның 2-уі бала. Олар шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Айта кетейік, қазір Ақтау қаласының әуежайы ашық, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.