Қазақстанда жасалған. Отандық аккумулятор зауыты

Кез-келген машинаның қозғалтқышын іске қосатын бұл құрылғыны XIX ғасырдың ортасында физик Гастон Планте ойлап тапты. Ол матамен бөлінген және ағаш цилиндрдің айналасына оралған екі қорғасын пластинадан тұрды. Ал 1882 жылы Камилл Фор техниканы жетілдірді.  Сол уақыттан бері не өзгерді? Сіздер аккумулятордың ішкі құрылымына үңіліп көрдіңіздер ме? Олар Қазақстанда қалай жасалады?