Олимп. Спорттық мотивация

Алматыда өтетін Универсиадаға санаулы ғана уақыт қалды. Кез-келген жарыс жақындаған сайын уайым күшейеді. Бүгінде қызу дайындыққа кіріскен Ұлттық құрамадағы спортшыларымыздың арасында толқу басым. Үлкен жауапкершілікті сезінген оларға дәл қазір керегі мотивация дейді мамандар. Аталмыш әдіс арқылы бапкерлер оларды сабырға шақырады. Себебі мотивацияның ролі физикалық жаттығудан да асып түседі екен. Ендеше бүгін біз шайбалы хоккей, шорт-трек пен мәнерлеп сырғанаудағы кез-келген команда мен спортшыға тегеурінді қарсылық танытуға мүмкіндік беретін мотивация жайын сөз етеміз.