Олимп. Биатлон

Бұл қысқы спорт түрлерінің ең көнесі және ең қиыны. Сондықтан да спорттың төресі саналады. Сәйкесінше Олимпиадан бастап, Универсиада, құрлықтық дода, халықаралық  бәсеке, қала берді ішкі чемпионаттың өзі аса тартысты өтеді. Ал оның медалі басқа спорттарға қарағанда қашан да бір саты биік тұрады. Біздің түсірілім топтың Щучинск қаласындағы әскери спорттық базаны таңдауы бекер емес. Биатлонның биатлон болып қалыптасуына о баста осы әскерлер арасындағы бәсеке түрткі болған. Сондықтан шығар отан алдындағы борышын өтеушілер осы спортты тез меңгереді және қандай жарыс болмасын фаворит саналады. Чемпиондарды баптайтын спорттық базада еш жұмыс тоқтамайды. Қазір де онда әртүрлі деңгейдегі жарыстарды өткізіліп, кәсіпқой биатолоншылардың кезекті толқынын дайындап жатыр.