Абайлаңыз, импорт! Көліктегі орындыққа арналған тысты таңдау

Интернеттегі түрлі форумда әлемнің түкпір-түкпіріндегі темір тұлпар иелерінің көлік орындықтары тыстарының сапасына қатысты шағымдар айтылады. Олар әдетте өнімнің улы иісіне, тігістерінің тез ыдырап кететініне, алдыңғы орындық қаптарының кесірінен қауіпсіздік жастығының іске қосылмай қалғанын жазады. Осылайша ғаламтор пайдаланушылары өзгелдерге сапасыз өнімдердің қандай болатынын ескертіп, кеңестерімен бөліседі. Оны таңда ісі сіз ойлағандай ойңай емес. Бүгінгі шығарылымда біз көлік шеберханалары мен автокреслолардың тысын өндіретін мекемелерге барып, олардың сапасын тексереміз.