Елбасының қатысуымен өткен «Көктем шуағы» дәстүрлі кездесуі

Akorda.kz

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты дәстүрлі кездесу өткізді. Мемлекет басшысымен әр салада елеулі еңбек етіп, Қазақстанның дамуына зор үлес қосқан қыз-келіншектер жүздесті. Олардың қатарында көпбалалы аналар, бизнес өкілдері, әскерилер, ғалым, дәрігер, педагог, мәдениет пен спорт қайраткерлері және журналистер бар.