Заң жобасы. Республикалық бюджеттің жұмсалу нәтижесі

Депутаттар Үкіметтің өткен жылға арналған қаржылық есебімен танысты. Ең қызу талқыға түскен тақырып - қаражаттың толық игерілмеуі. Есеп комитетінің өкілдері, тіпті, бюджет қаржысын игере алмағандардың тізімін де жасаған.  6 ведомстводан құралған тізімді Қорғаныс министрлігі бастап тұр, ал соңғы орынға Әділет министрлігі орналасты.