Талдау. Елорданың рухани келбеті

Асқақ дала төсіндегі - арман қала. Тағдырларды тоғыстырған, табыстарған әсем мекен. Жас шаһар, жасампаз өлке. Теңеудің кез-келгені жараса беретіндей. Өйткені, шынайы болса керек. Кім не десе о десін, өткен 20 жылда Елорда мемлекетіміздің орталығына айнала білді. Иә, бас кезінде, зиялы қауым өкілдері қаламыздың мәдени көрінісі туралы сөз қозғайтын еді. Уақыт әр нәрсенің орнын толтыратыны бар емес пе?! Біз бүгін саясат, экономика туралы да емес, Елорданың рухани келбеті турасында бірер сөз қозғамақпыз.