Талдау. ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ірі мемлекеттер павильондары

ЭКСПО. Бүгінде жасының да, жасамысының да аузындағы сөз. Сөз дейміз-ау, көрген де арманда, көрмеген де арманда. Көрменің ашылғанына, міне, 1 айдан астам уақыт өтті. Таяуда ғана құзырлы орган өкілдері келушілер саны 1 млн-ға жеткенін жар сала айтып жатты.