Талдау. Жаңа оқу жылы

Әр кездері білім беру деңгейі өзгеріп отырады. Ол тек бізге ғана тән құбылыс емес, уақыттың, заманның талабына қарай қоғам да икемделе түсті. Бір шақта қазақтың баласы молдадан әріп таныды. "Еті сенікі, сүйегі менікі" деген қисық түсінік содан қалғанын білеміз. Одан кейін ұлт ұстаздарының легі келді. Енді міне бірте-бірте латын қарпіне көшпекпіз. Жаңа оқу жылында бізді қандай жаңалықтар күтіп тұр екен?