Отандық медицина. Пневмония

Өкпенің интерстициалды ауруының 300-дей түрі бар. Аурудың кең таралған түрлеріне Саркаидоз, Идиопатиялық өкпе фиброзы, Пневмокониоз жатады. Өкпенің тінаралық аурулары әсіресе Ұлыбритания, Ирландия, Нидерланды және Испания елдерінде жиі кездеседі. Өкпе тінінің қабынуы дүние жүзінің мамандарын алаңдатып отырған мәселе. Өйткені аурудың кей түрі адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.