Талдау. Денсаулық құны

Бүгінде сырқат жандар шетелге барып емделгенді тиімді санай ма әлде емделіп кететіндігіне сенімді болғандықтан ба, әйтеуір отандық дәрігерлерге қарағанда өзге елге барғанды жаны жақсы көріп тұратындығы жасырын емес. Жат жерге кетіп жатқан ауруларды неге өзімізде емдемеске? Өзге елдің медицинасына ел қаражатынан миллиардтар кетіп жатыр. Мұның қандай оңды шешімі бар? Дәл осы тақырып талдауда талданбақ.