Талдау. Тұрғын үй мәселесі

Баспана дегенде көбіміздің ішіміз қылп ететіні бар. Ақпарат көздеріне сенсек, Батыста адамдар жылдар бойы пәтерді не үйді жалдап тұра береді. Басқасын қайдам, ол әдіс бізде жүрмесі анық. Ресми мәліметке жүгінетін болсақ, елімізде 78 371 көп пәтерлі тұрғын үй бар болса, олардың 26%-ы жөндеуді қажет етеді. Тағы 3%-ы  мүлдем құлағалы тұр. Бүгінгі бағдарламада тұрғын үй мәселесі айтылмақ.