Заң жобасы. Үкімет сағатында ауыл шаруашылығы мәселелері талқыланды
Қазір Қазақстандағы қолданыста бар ауыл шаруашылығы техникасының дені тозған. Мал жайылымдарының да жағдайы мәз емес. Жарамды жерлер аумағы аз. Ал жылына осы саланы субсидиялауға қыруар қаржы жұмсалғанымен нәтижесі шамалы. Осы және өзге де түйіткілді мәселелер мәжіліс қабырғасында өткен Үкімет сағатында сөз болды.