Заң жобасы. Мемлекеттік аудит қызметі
Жең ұшына жалғасқан жемқорлық біздің қоғамның дамуына кедергісін тигізіп-ақ тұр. Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі кемшін тұстары секілді біраз проблема бар бұл жерде. Енді оны оңтайландырып, кедергілер мен кемшіліктерді жоятын уақыт жетті. Бұл орайда мемлекеттік аудит қызметін жетілдіру маңызды. Осы аптадағы Мәжілістегі Үкімет сағатында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов депутаттарға аудиттік тексерулердің мән-жайын түсіндірді.