Экономика. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесі
Инфрақұрылымды жасау және жаңғыртуға қажетті қаржылық базаны құрудың баламалы құралының бірі – мемлекеттік-жекменшік әріптестік механизмі екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Өйткені бұл саланы мемлекеттің бір өзінің алып жүруіне ресурсы жетпейді. Оның мемлекетке де, бизнестің өркендеуіне де берер бірқатар басымдығы бар. Жеке сектордың алдында жаңа инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашылып, жаңа табыс көздері пайда болады. Ірі жобаларға қатысуға мүмкіндік туады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік – мемлекеттің дәстүрлі жауапкершілігі аясында, жеке сектордың ресурстық және зияткерлік әлеуетін пайдалануды меңзейді.