Заң жобасы. Астанада операторсыз онлайн қызмет көрсету орталықтарын ашу жоспарлануда
Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсету саласында көптеген тың өзгеріс болады. Мәселен, Астанада операторсыз онлайн қызмет көрсететін орталықтар ашылады. Сондай-ақ бірқатар құжатты рәсімдеу жеңілдейді. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.