Экономика. Әлемдік БАҚ-тың назары Австрияға ауды
Венада ОПЕК форматында кездесу өтеді. Онда 2018 жылдың соңына дейін, мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімді ұзарту мәселесі қаралады. Кейбір ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, тараптар ортақ мәмілеге келеді. Bloomberg агенттігі өзінің сенімді ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, ОПЕК-ке мүше елдер мен Ресей келісімді созуға уағдаласты деп мәлімдеді.