Экономика. Үлкен мүмкіндіктер алаңы

Қазақстанда шетелдік инвестиция үшін экономика салаларының анағұрлым тартымды алты бағыты анықталған. Бұл - агроөнеркәсіп және тау-кен металлургиялық кешені, инфрақұрылымдық жобалар, машинажасау, сауда және химия-мұнайхимия. Халықаралық сарапшылардың пайымынша, елдегі жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар, инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл түптеп келгенде, республика ЖІӨ-нің өсуін тездетіп қана қоймай, ел экономикасын күллі әлемде бәсекеге қабілетті етеді.