Экономика. Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы

Ресей үкіметі 2017 жылы жалпы ішкі өнім 2%-ға өседі деп болжайды. Экономиканың басқа көрсеткіштері көбінде жақсы динамиканы меңзеп отыр. Бөлшек сауданың өсу қарқыны байқалады. Ауыл шаруашылығы алға жылжып, құрылыс көлемі сақталуда. Осының барлығы санкция қамытын киіп, мұнай бағасының төмендеуінен теперіш көрген Ресей экономикасы құлдырауының шарықтау шегіне жеткенін білдіреді.