Үлкен спорт. «Алтын допты» Криштиану Роналду

Sportarena ресурсы Криштиану Роналду бесінші рет «Алтын допты» иеленгені туралы жазған. Академиядағы күнделікті жаттығулардың бірінде командалас серіктеріне Роналду, күндердің күнінде мен әлемдегі ең үздік спортшы боламын деген екен. Ал бүгінде спортшыға табыстың кілті туралы сұрақ қойған кезде, ол қойылған сауалдарға таңғалатынын жасырмайды. Өйткені ол, мұндай биікке жетудің құпиясы жоқ екендігін айтады.