Транзитті Қазақстан. Қазақстан жол ғылыми зерттеу институты қандай жаңалық ашты?

Ауа-райының температурасы ауытқыған сайын жол төсемдерінің қабаты қандай өзгеріске ұшырайды? Бұл сұрақтың жауабын 60 жылға жуық тарихы бар Қазақстан жол ғылыми зерттеу институтындағылар  тауып отыр.  Соңғы он жылдағы бұл мекеменің жеткен жетістіктері  ауыз толтырып айтарлық. Екі жыл қатарынан институт жол саласының тарихында алғашқылардың бірі болып, әлем сарапшылары мойындаған жаңалықтар ашқан.