Бастау керек. Жалақысы төмен азаматтарға қолдау

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен қазақстандықтардың салық жүктемесі 10 есеге қысқарып, 1 пайызды құрамақ. Қуанышты хабарды ҚР Президенті Н.Назарбаев «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде жариялады. Дәл осы жеңілдетілген салық жүктемесі қазақстандықтардың қандай бөлігін қамтымақ? Мұндай қадамға барудың астарында не жатыр? Бағдарламамыздың бүгінгі санын осы тақырыпқа арнамақпыз.