Сақшы. Өрт қауіпсіздігі

Өрт - әлем халқына орасан залал алып келетін құбылыс. От жанғанда температура да жоғары болады. Ауаны ластап, көп адамның өліміне алып келетін уландырғыш заттардың жануы аса қауіпті боп саналады. Кейде тіпті құтқарушылар да көз жұмады. Жағдайды саралап, құтқарушылар өміріне төнетін қауіпті азайту үшін Қазақстанда ТЖ-ға тап болған адамдардың сертификаттық құралы мен жеке қорғаныс заттары бар-жоқтығын тексеретін бөлім құрылды. Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты осы саладағы зерттеулермен айналысатын Қазақстандағы жалғыз мекеме.