Сақшы. Балаларды жағымсыз ақпараттан қорғау

Қазақстанда «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заң қабылданды. Заң жобасы балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Соның ішінде Қазақстанда ратификацияланған  БҰҰ балалар құқығы жөніндегі Конвенциямен бекітілген халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған принциптері мен нормаларына сәйкес балалар құқығын қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігімен жасалды.  Заң жобасының басты мақсаты мен міндеті - балаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін жағымсыз ақпараттан қорғау, сондай-ақ жасына сәйкес ақпаратты алу және таратуға қатысты балалар құқығын іске асыру.