Жасыл экономика. «Жасыл экономиканың» дамуындағы маңызды кезеңдер

Энергия үнемдеу, қалдықтарды кәдеге жарату, биоалуандылықты сақтау және табиғат ресурстарын үнемдеу, жаңартылатын энергия көздерін енгізу, экотуризм, таза көлік, қоршаған ортаны қорғау - осының барлығы «жасыл экономика». Қазақстанда «Жасыл экономикаға» өту жолын 2013 жылы бастады. Сол уақытта арнайы тұжырымдама қабылданып, негізгі жұмыс бағдарлары анықталды. Осы уақыт ішінде көптеген жұмыс атқарылды - ел халықаралық келісімдер бойынша бірқатар міндеттеме алды, бүгін еліміз таза технологияларды белсенді түрде жүзеге асырып, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық құрған. Мұның барлығы уақыт талабы. Өйткені адамзат алдын алуды талап ететін климаттың өзгеруі сияқты жаһандық проблеманы бастан өткеріп жатыр.