Кабинеттер. Геологиялық барлау жұмыстары

Қазіргі таңда Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарына тартылған инвестиция көлемі - 150 миллион доллардан асып жығылады. Саланың тәуекелі басым екендігін ескерсек, оның үстіне әлемде инвестициялық ахуал әрі-сәрі күй кешіп отырғанын қаперге алсақ, бұл қаражат айтарлықтай қомақты. Біз бүгінгі бағдарламада «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясының басқарма төрағасы Ғалым Нұржановпен сұхбаттасамыз.