Кабинеттер. Медицина саласындағы корпоративті басқару жүйесі

Әлемнің көп елінде көптен бері қолданылатын корпоративті басқару тәсілін отандық медицина саласы да жатырқай қойған жоқ. Бірден болмаса да, біртіндеп бірлесіп басқаруға көшіп жатқан мекемелер бар. Яғни бір адамның шешім қабылдамай, басқа да жетекшілермен ақылдаса отырып, ортақ ұйғарымға келу қаншалықты тиімді жүйе? Бүгінгі бағдарламада осы тектес тақырыптар төңірегінде Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпхановамен сұхбаттасамыз.