Драйв. Lada Granta

Осыдан бірер ай бұрын ресейлік автоөндірушілер қазақстандағы зауыттардың өндіріс қарқынын арттырғаны туралы айтқан едік. Бүгінде Өскемендегі конвейрден шығатын үлгілердің қатары ұлғайды. Автоваздың жаңа модельдерінен бастап, жұрт арасында бұрыннан таныс туындылары да шығарылып жатыр. Бүгінгі бағдарламамызда Ладаның Грантасымен толық таныстырамыз. Оның ресми презентациясы бірер ай бұрын Алматыда өткен еді. Қазір жаппай сатылымға шығарылды.