Экономика | 2019 жылға арналған бюджет туралы
Қазақстан жаңалықтар:
- Қазақстандықтар былтыр көлік сатып алуға жарты триллион теңге жұмсаған. Шамамен 61 мың темір тұлпар өз иесін тапты;
- Қашағанда мұнай өндірісі 45 күнге тоқтатылады;
- Қазақстандағы халық саны 238 900-ге артып, 18 млн 370 мыңнан асты. Бұл былтырғы 1 желтоқсанға дейінгі статистика және 2017 жылмен салыстырғанда 1,3 процентке көп;
- Ұлттық Экономика министрлігі жариялаған тағы бір жағымды статистика бар. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 4,1 процентке өскен.
Сараптама:
850 млрд теңге. 2019 жылға арналған республикалық бюджетке осындай көлемде қосымша қаражат қарастырылады. Елбасы былтыр 5 қазанда кезекті Жолдауын жариялап, әлеуметтік саланы әлді етуге қатысты біраз тапсырма жүктеген. Жаңағы 850 млрд сол мақсаттарға жұмсалады. Яғни, сіз бен біздің әл-ауқатымызды арттыруға бағытталады. Енді тарқатып айтайық.
Спикерлер: Бейсемаев Олжас Жылқайдарұлы - ҚР Қаржы министрлiгi бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары; Маман Назым Бауыржанқызы - ҚР Қаржы министрлігі бюджеттік жоспарлау департаментінің басқарма басшысы.