Агробизнес. Отандық өнім өндірісінің даму көрсеткіштері

Отандық өнім өндірісі мен экспорты қаншалықты артты? Жаңа субсидиялау схемалары және ұзақ мерзімді бағдарламалар тиімді ме? Аграрлық ғылым мен білімге шетелдік тәжірибе қажет пе? Цифрландырудың нәтижесін көреміз бе? Осы және өзге де сұрақтар Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында талқыланды. Біз бүгінгі шығарылымда дәл осы жиында қаузалған саланың даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарлары жайлы айтамыз.