Шаршы метр. Ғарыштық технологияны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында пайдалану

Еліміздегі ғимараттардың энерготиімділігі енді жасанды жер серіктері мен ұшқышсыз басқарылатын ұшақтардың көмегімен бақыланады. Ғарыштық технологияны пайдалану коммуналдық нысандардың қандай жағдайда екендігі туралы ақпаратты бір жүйеге келтіріп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жаңғыртуға мүмкіндік береді. Әрі жылу жүйесін реттеп, инвесторларды тартуға сеп болмақ. Жылжымайтын мүлік, сәулет және құрылыс саласындағы ең өзекті мәліметтер «Шаршы метр» бағдарламасында.