Art Global І Будапешт. «Қорқыттың көрі» қойылымы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының гастрольдік сапары достық көпірінің жалғасына ұласты. Қазақстанның Әкем театры алғаш рет Будапешт Ұлттық театрының бас сахнасында өзінің репертуарындағы атақты «Қорқыттың көрі» қойылымын сахналап өнер көрсетті.