Шетелдік БАҚ: шолу және талдау І Соғыста пайдаланған жануарлар
Немістің Tagesspiegel басылымының тілшісі Анна Армбрехт әскери қызметте пайдаланылатын жануарлар туралы жазыпты. Бүгінде поляр дельфині теңіз флотының қолғанатына айналса, дельфиндер торпеда орнына қолданылады, ал таулы атқыштар әскері кәдімгі есекті де кәдеге жарататын көрінеді. Жалпы жан-жануарды жауынгерлік мақсатқа қолдану ертеден қалыптасқан. Біздің заманымызға дейінгі 218 жылы екінші Пуни соғысы кезінде карфагендік қолбасшы Ганнибал Альпі тауынан пілдермен өткен еді. Ал орта ғасырларда биік қамалдарға бекінген тұрғындар қаланың тас қабырғаларынан ара толы себеттерді жауына лақтырып қорғанған екен. Соғыс даласында жылқы мен түйе қолданылса, хат тасушы кептерлер пошташы міндетін адал атқарды. Ал екінші жаһан соғысы кезінде тың тәжірибені қолға алған АҚШ жарқанаттың қанатына бомба байлап, қалаларда жарылыс жасауға тырысты.